Жол апаты 25 желтоқсанда «Астана - Петропавл» тасжолының бойында болған.
Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, бір адам мерт болды
944
оқылды

Ақмола облысында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан жүргізуші көз жұмды. Аталған оқиғаға байланысты іс қозғалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 25 желтоқсанда «Астана - Петропавл» тасжолының бойында болған. 

«Газель» көлігінің жүргізушісі ақауға байланысты жолдың он жақ шетіндегі жолаққа тоқтаған. Кейін оған Volkswagen Polo автокөлігі келіп соғылған. Жеңіл көлікті басқарған Астана қаласының тұрғыны сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болады. Кейін бұларға осы бағытта жүріп келе жатқан тағы үш көлік соқтығысады. 

«Жол-көлік оқиғасына байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – деді ведомстводан.