Астанада 26 желтоқсанда боран, көктайғақ болады және желдің екпіні 28 м/с жетеді.
Елордалық коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр
587
оқылды

26 желтоқсанда таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2 300 -ден астам жол жұмысшысы  мен 1 300-ге жуық арнайы техника шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын көп жауатын уақытта елорданың коммуналдық қызметі күшейтілген режимдегі жұмыс тәртібіне көшеді.

Бірінші кезекте қоғамдық көліктің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін негізгі магистральдер қардан тазартылады. Одан әрі қозғалыс қарқыны орташа – алаңдар, вокзал маңы мен тротуарлар қардан тазартылады.

Жауын-шашын басталғалы елорда полигонына 600 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 45 мың рейсті құрайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада 26 желтоқсанда боран, көктайғақ болады және желдің екпіні 28 м/с жетеді.

Елорда қонақтары мен тұрғындарын жолда абай болуға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз.