Шымкентте жаңа туған нәрестесін көпқабатты үйлердің бірінің жанына тастап кеткен әйел іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайыды 31 арна.
Сәбидің денесін өтіп бара жатқандар тауып алған. Іздеу жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілгенмен, еш нәтиже шықпаған.
Көпқабатты үйдің тұрғындары нәрестені үйдің жанындағы суық профностилдің үстінен тапқан. Олар дереу полиция шақырған. Жаңа туған нәрестенің өліміне не себеп болғанын қазір сот-медициналық сарапшылар анықтап жатыр. Ал тәртіп сақшылары оның анасын іздеуде.
Қоғам белсенділері елге бэби-бокс керек екенін алға тартып отыр. Әйтпесе жаңа туған нәрестелердің көшеде немесе қоқыс жәшіктерінен табылу оқиғасы жылдан-жылға қайталана бермек. Бэби-бокс бірден бірнеше мәселені шешеді: олар әйелді қылмыстық жауапкершіліктен, ал баланы өлімнен құтқарады. Сонымен қатар ақпараттық жұмыстарды жүргізу де аса маңызды.
"Көптеген адамдар, мысалы, дағдарыс орталығына, балалар үйіне немесе аналар үйіне баруға болатынын білмейді және біз оларға баланың өмірін сақтап қалуға болатынын жіті түсіндіруіміз қажет", – дейді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі Тоғжан Қожанова.
Қыршын кеткен сәбидің анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.