Тариф барлық салада қымбаттайды.
Келесі жылы коммуналдық қызмет ақысы қаншалықты өседі?
671
оқылды

Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2024 жылы коммуналдық қызмет құны қаншалықты қымбаттайтынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Тарифтерді көтеру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткенін айтты. Сөзінше, мұндай іс-шаралар, ең алдымен, коммуналдық инфрақұрылымы өте нашар өңірлерде өткен.

- Қызыл аймақта, атап айтқанда, барлық өңірдегі 87 табиғи монополия субъектісі, ең өзекті өтініштер мен талқылаулар өтті. Бұл аймаққа, тақырыпқа және тозу деңгейіне байланысты, – деді Әлібек Қуантыров.

Министр тарифтер барлық салада көтерілетінін атап өтті.

– Энергетика, газдандыру, сумен жабдықтау, кәріз, жылу - бұл кезең-кезеңімен болады. 15%-дан 30%-ға дейін... Бұл аймаққа, тозу жағдайына байланысты, бірақ әр өңірде әртүрлі болады, – деп айтты ведомство басшысы Әлібек Қуантыров.