Ведомствода шамамен 5 мыңдай адам еңбек етеді.
Қаржы министрлігінің қызметкерлері Жаңа жылда қанша теңге сыйақы алатыны айтылды
3,073
оқылды

Қаржы министрлігінің қызметкерлері Жаңа жылда төрт айлық есебінде сыйақы алуы мүмкін, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Біздің министрлікте аймақтар бөлек, орталық аппарат бөлек қаржыландырылады. 3-4 айлық есебінде сыйақы беріледі. Ерекше атқарылған жұмыс, күрделі жұмыс, жұмыс уақытынан тыс атқарылған еңбегі үшін беріледі. Сондықтан мұның бәрі заң бойынша болады. Бұл жалпы жалақы, іссапар шығыны және басқа да ағымдағы шығындардың қалдығы", – деді журналистердің сауалына орай ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Қаржы министрлігінде бақандай 15 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сондықтан жаңа жыл алдында үлестірілген қаржы миллиондар емес, миллиардтан асып жығылады.

Министр бұл үшін бюджеттен қосымша ақша бөлінбегенін айтып отыр.