Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Петропавлда бір отбасының 3 адамы өлі күйінде табылды
978
оқылды

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаментіне 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесінің табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай, ұстады.

Күдіктілер Петропавл қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.