Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды.
Жамбыл облысында әкімдік қызметкері жер телімін заңсыз таратқаны анықталды
1,544
оқылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімінің заңсыз берілгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды.

Ведомствоның хабарлауынша, Байзақ ауданы әкімдігінің қызметкері 500 гектар жерді беру кезінде заңға қайшы әрекетке барған. Соның ішінде жылжымайтын мүліктің орны туралы жалған мәлімет енгізген.

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, материал сотқа жолданды.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде 300 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ал қалғаны бойынша жұмыстар жалғасып жатыр деп мәлімдеді прокурорлар.