Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.
5 облыста республикалық маңызы бар жолдардағы қозғалыс шектелді
1,069
оқылды

5 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында – 1 учаске:

1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1292-1353 шақырымы. Жібек жолы ауылынан – Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

Шығыс Қазақстан облысында – 1 учаске:

1."Өскемен-Шемонайха-РФ шек." автожолының 105-123 шақырымы, Шемонайха қаласынан – РФ шекарасына дейін – 18 км.

Қарағанды облысында – 5 учаске:

1. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1353-1426 шақырымы. Ақмола облысының шекарасынан – Теміртау қаласына дейін, 73 км.

2. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1505-1854 шақырымы. Новостройка аауылынан – Балқаш қаласына дейін, 349 км.

3. "Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" автожолының 104-266 шақырымы. Нұра қаласынан – Теміртау қаласына дейін, 162 км.

4. "Екатеринбург-Алматы" автожолының 1445-1459 шақырымы. Теміртау қаласынан-Қарағанды қаласына дейін, 14 км.

5. "Бастау-Ақтау-Теміртау" автожолының 0-53 км, Бастау ауылынан Теміртау қаласына дейін, 53 км.

Қостанай облысында – 1 учаске:

1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-335 шақырымы. Ұлытау облысының шекарасынан – Арқалық қаласына дейін, 83 км.

Ұлытау облысында – 2 учаске:

1. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 64-137 км. Жезді кентінен Ұлытау ауылына дейін, 73 км.

2. "Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 км. Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін, 115 км.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 463 бірлік техника және 754 адам жұмылдырылды.