Зардап шеккен азаматтар бірден ауруханаға жеткізілді.
Ақтауда екі көлік соқтығысып, 4 адам зардап шекті
492
оқылды

Ақтауда 29 желтоқсан күні 23:10 шамасында 12-шағынаудандағы «Анвар» гипермаркетінің маңында жол-көлік оқиғасы болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жол қиылысында солға бұрылып, Lexus ES 330 көлігімен соғылды.

Апат салдарынан төрт адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

«Toyota Land Cruiser Prado» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылды.