Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, Ақмола облысында – 1 учаске «Астана-Петропавловск» 18-234 км Астана-Щучинск – 216 км
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (қарлы боран, жолды көру нашарлығы, көктайғақ).
Жетісу облысында – 1 учаске
«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст. – Достық ст. – 100 км.;
Көліктің барлық түріне шектеу енгізілді (қар аралас жаңбыр, жолды көру нашарлығы).
Осы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 363 бірлік техника және 524 адам жұмылдырылды.