31 желтоқсан күні «анам құлап, қайтыс болды» деп Атырау қаласының тұрғыны полиция шақырған.
Туыстары өлдіге санаған әжеге полицейлер екінші өмір сыйлады
1,128
оқылды

Жуынатын бөлмеде құлап жатқан әжейдің неден қайтыс болғанын тексеруге полицейлер келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Жедел тергеу тобының криминалистері 1947 жылы туған әйелдің шалажансар халін көріп, шұғыл жедел жәрдем шақыртқан. Осылайша, 76 жастағы әжейді дәрігерлер аман алып қалды. 

Есеңгіреп қалған әжейдің туыстары полицейлерге алғыс айтты.

Баян Жанұзақова