Айлық есептік көрсеткіштің өсуіне байланысты құжаттарды ресімдеу қымбаттады.
Жеке куәлік пен төлқұжат жасату бағасы қымбаттады
smartnews.kz
6,583
оқылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда төлқұжат пен жеке куәлік беру ақысы өзгерді. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлемі 24 беттік төлқұжат бергені үшін мемлекеттік баж салығы 4 АЕК (16 жасқа дейінгі балалар үшін 14 768 теңге), 48 бет – 12 АЕК (44 304 теңге) болды.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін бір жылда екі реттен астам жоғалтуына байланысты бергені үшін – 1 АЕК (3 692 теңге). Сонымен қатар 24 және 48 беттік төлқұжаттардың үлгілері енгізілген.

Биылдан бастап бұл құжаттарда 16 жасқа толған және одан жоғары құжат иесінің, сонымен қатар "Саусақ ізі және геномдық тіркеу туралы" заңда белгіленген жағдайларда 12 жастан 16 жасқа дейінгілердің саусақ іздері болады.

Паспорт пен жеке куәліктің жарамды мерзімі – 10 жыл. Жеке куәлік пен төлқұжаттарды терминалдардан алуға да болады.