Сұхбат ертең баспасөзде жарияланады.
Президенттің саясат, мемлекеттің дамуы, Қаңтар қасіреті, АЭС құрылысы туралы сұхбаты жарияланады
Фото: Берік Уәлидің Facebook-тағы парақшасынан алынды
1,130
оқылды

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Дихан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты  Egemen Qazaqstan  газетінде жарияланады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.   

Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады. Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.