Олар өздерімен бірге бір топ бозбаланы ертіп келген.
Ақтөбеде екі жасөспірім төбелесіп, көз жұмды
847
оқылды

Полиция қызметкерлері Ақтөбе қаласында өліммен аяқталған төбелеске қатысқандарды ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz. облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 қаңтарға қараған түні Ақтөбе қаласында төбелес болып, оның 4 қатысушысы медициналық мекемеге пышақ жарақаттарымен түсті.

Біраз уақыттан кейін 2006 жылы туған екі жігіт реанимация бөлімінде қайтыс болды.

Жанжалдын себебі "Instaqram" әлеуметтік желісіндегі сөзден басталған, содан кейін олар кездесіп талқылауға келіскен.

Ұсталғандар уақытша үстау изоляторына қамалды, кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жариялауға жатпайды.