Төбелес салдарынан 4 бала ауруханаға түскен.
"Екеуі жақында әскерден келген": Ақтөбеде төбелестен қайтыс болған 2 жасөспірімге қатысты жаңа деректер шықты
3,604
оқылды

Ақтөбеде 3 қаңтарға қараған түні жасөспірімдер арасында болған төбелеске қатысты жаңа деректер белгілі болды, – деп хабарлайды Massaget.kz "Мой ГОРОД"-қа сілтеме жасап.

Төбелес салдарынан 4 бала ауруханаға түскен. Оның екеуі, яғни 2006 жылы туған екі бала бірнеше сағаттан кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болған. 

Бастапқыда жанжал Instagram әлеуметтік желісінде басталған. Артында жасөспірімдер мәселені кездесіп шешпек болып, арты төбелеске ұласқан. 

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Адам өлімі дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Ұсталғандар бұған дейін есепте болмаған, сотталмаған, екеуі жақында әскерден келген", – дейді полицейлер. 

Ал Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, 3 қаңтарда сағат 00:30 шамасында Ақтөбедегі облыстық көпсалалы ауруханаға 4 адам түскен. Оның екеуі пышақ жарақатымен ауыр жағдайда жатқызылған. Артынша екеуі жансақтау бөлімінде қайтыс болған.   

2004 жылы туған үшінші жәбірленуші хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр, операция жасалды. Жағдайы орташа ауыр. Төртінші жәбірленуші ем қабылдап, амбулаторлық деңгейде емделуге жіберілген.