Алдын ала болжам бойынша, жарылыс газ-ауа қоспасының салдарынан болған.
Орал қаласындағы кафеде жарылыс болды
2,504
оқылды

Оралдағы кафелердің бірінде жарылыс болып, өрт шықты,  деп хабарлайды Aikyn.kz

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 қаңтар күні сағат 02.07-де Сырым Датұлы көшесі 52-мекенжайында өрт шыққаны жөнінде хабар түскен.

Оқиға орнына сағат 02.17-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты дәмханның ғимаратында алдын ала болжам бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы болғанын хабарлады.

Салдарынан ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қирап, 25 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.

«Тілсіз жау» сағат 02.40-та ауыздықталды. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер мен жеке құрамнан 39 адам, 13 техника, жедел жәрдем бригадасы (18 адам, 6 техника), Полиция департаменті (28 адам, 7 техника) қызметкерлері жұмыс істеді. Қазір  БҚО ТЖД және облыс әкімдігінің күштерімен қираған үйінділерді тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зардап шеккендерге шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желі жұмысы ұйымдастырылды», деп хабарлады ведомстводан.

Оқиғаны БҚО әкімдігі де растап, оқиға орнына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барғанын, зардап шеккендер бар екенін жеткізді.

Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр.