Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.
Маңғыстау облысында 21 жастағы жігітті атып кетті
1,229
оқылды

2 қаңтар күні сағат 21.04 шамасында Құрық ауылының 2002 жылы туған тұрғыны оқ жарақатымен Қарақия аудандық ауруханасына жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Жігітке алғашқы медициналық көмек көрсеткен аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, ол ауыр халде санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілген. Жәбірленушінің жақсүйегі мен сүйек қуысы сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Құрық ауылы тұрғындарының айтуынша, 21 жастағы жәбірленуші отбасындағы жалғыз ұл.