Бағдарлама жүргізушілері марапатты табыстау кезінде «Құрмет» орденінен кейін болған жанжалды еске алып, «Бұл марапат қайтарылмасын» деп әзілдеді.
«Күткен де, күтпеген де жағдай болды»: Әли Оқапов жаңа марапатқа ие болды
Фото: baigenews.kz
4,379
оқылды

Алматыда өткен «Қызық премия» шарасында белгілі әнші Әли Оқапов «Камбэк-2023» марапатына ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде хабарлап, қуанышымен бөлісті.

«Қызық премия 2023! Рақмет сіздерге! Осындай қолдау мен үшін өте ыстық. Кезінде қатар бастап келе жатқан жолдарымыз енді осындай деңгейге апарғаны, әрине қымбат. Өмірімдегі ең қиын сәттерінің бірі осындай көңілді әрі жылы нүктемен біткені күткен де, күтпеген де жағдай болды. Түсінгендер түсінер. Жаңа әнімнің тұсауын кестім, қошеметке ие болдым, бақыттымын қысқасы»,  деп жазды Әли Оқапов.

Бағдарлама жүргізушілері марапатты табыстау кезінде «Құрмет» орденінен кейін болған жанжалды еске алып, «Бұл марапат қайтарылмасын» деп әзілдеді.