Кейіннен ол ұрланған заттарды белгісіз азаматтарға сатып жіберген.
Астанада ұрлық жасаған ер адам бейнекамераға түсіп қалды
836
оқылды

Астанада қоймадан зат ұрлаған азамат қолға түсті. Оның қылмыстық әрекеті бейнекамераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ұрлық жасауды алдын ала жоспарлаған жігіт Дүкенұлы көшесінде орналасқан дүкенге келген. Қойманың қайда орналасқанын біліп алған ол сағат 14.56 шамасында қоймаға кіріп, ыдыс салынған қорапты алып кеткен. Кейіннен ол ұрланған ыдыстарды белгісіз азаматтарға сатып жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы елордалықты анықтады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анықталған азаматтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Сонымен қатар оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.