Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатына байланысты пікір білдірді.
Бақытжан Базарбек: Саяси құрылым 30 жыл бойы сол кездегі олигархтарға қызмет етті
1,648
оқылды

Президент көп уақыттан бері біз айтып жүрген мәселелерді шегендеген. Ең алдымен, Парламент жоғары мінбер болып есептеледі. Президент саяси реформалардың қажеттілігі жайлы нақты айтты. Осы 30 жыл бойы саяси құрылым сол кездегі олигархтарға қызмет көрсетті. Сол саяси жүйе әрекетсіздікке көшсе де, түбегейлі өзгерістерді қажет етті. Ол кезде нарықтық экономиканың не екенін дұрыс білмедік, сол кезге сай суперпрезиденттік басқару мен әлсіз Парламент болды. Ол кезде қуатты Парламент президентке қажет болмады. Халықтың сенімі диалог алаңына айналды. Саяси реформалар маңызды және жүйелік заңдардан бастау алады. Шетелде сайлау сынды қоғамдық маңызды инстиуттар бойынша заңдардың тиімділігі бағаланады. Саяси жаңғыртулар мен реформалардың маңызды элементі ретінде Мәжілісті айтар едім. Парламент пен Президент бірін-бірі толықтырып отырады. Президенттің бастамалары біз үшін жұмыстың негізіне айналады. Ол – заң шығару мен өзгерістер енгізу.

Фото: baq.kz