Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” компаниясы мәлімдеді.
Абай, Жетісу облыстарында үш республикалық жол жабылды
674
оқылды

Екі облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Абай облысында — бір учаске.

«Алматы-Өскемен» тасжолының 615-683 шақырым аралығы, Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылына дейін.

Жетісу облысында — 2 учаске.

«Үшарал-Достық» автожолының 84-184 шақырым аралығы, Көктұма стансасынан Достық стансасына дейін — 100 шақырым.

«Алматы-Өскемен» автожолында 557-615 шақырым аралығы, Үшарал қаласы — Абай облысының шекарасы, 58 шақырым. 

Шектеу көліктің барлық түріне қолданылады.

Дәл қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 391 техника және 686 қызметкер жұмылдырылған.