Айы-күні жетіп отырған Алтынай Жорабаева бұл жайында Instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды", - деген өнер иесі.
Әншінің күйеуі Әлішер де бөпесін көруге асық боп жүргенін атап өтті.
Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әнші болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді.