ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде науқастар санының артқанын мәлімдеді.
Коронавирус тағы көбейіп жатыр: ДДСҰ бетперде тағуға шақырды
РИА Новости
1,064
оқылды

Әлемдік ұйым көпшілікті бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.

"Жұқпалы аурудан сақтану үшін бетперде киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз", - деді ДДҰ басшысы.