Аталған жағдайды Талдықорған қаласының Полиция басқармасы растады.
Бауыздап кеткен: Талдықорғанда екі адамның денесі табылды
1,488
оқылды

Әлеуметтік желіде Жетісу облысындағы жеке үйлердің бірінде екі адамның қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Krisp.tdk Instagram парақшасында жазылған дерекке қарағанда, оқыс оқиға Талдықорған қаласындағы Ақбастау көшесінде болған.

Жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді, –  деп хабарлады Жетісу облыстық Полиция департаменті.