Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге финалда таиландтық Ланлана Тараруди – тайбэйлік Чиа-И Цаомен сынға түсуі тиіс еді. Бұл туралы Aikyn.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда олар жарысқа келмей қалды. Сондықтан Жібек Құламбаева мен С.Сакеллариди ойнамаса да чемпион атанды.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында ITF додасында бірінші, спорттық мансабында 27-титулына қол жеткізді.