Қызылорда облыстық перинаталды орталығында 2023 жылдың 8 желтоқсан күні үшем дүниеге келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда қаласында тұратын 28 жастағы Ақбота Әбсаттар мен 30 жастағы Нұрсұлтан Қазбек санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласында еңбек етеді.
Отбасында 2 жасар Жантөре атты ұлы бар.
Сәбилердің салмағы – 1 830, 1 670, 1 200 грамм болды.
Қазіргі таңда сәбилердің және анасының жағдайы жақсы. Нәрестелердің есімін ата-әжесі Әлинұр, Адина, Медина деп қойды.
«Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым», – дейді Ақбота Әбсаттар.
Айта кетейік, бұған дейін Байқоңырда үшем өмірге келгені туралы жазған болатынбыз.