Transfermarkt футбол порталы еліміздің кәсіпқой футбол лигасында ойнайтын ең қымбат футболшыларды анықтады.
Қазақстандағы ең қымбат футболшылардың рейтингі шықты
7,650
оқылды

Бұл тізімде ұлттық құрама мен Шымкенттің «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген көш бастап тұр. Оның бағасы  900 мың еуро,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, дәл осы бағамен Максим Самородов («Ақтөбе») екінші орында келеді  800 мың еуро.

Ұлттық құрама шабуылшысы Абат Айымбетов («Астана»)  800 мың еуро, Темірлан Ерланов («Ордабасы»)  700 мың еуроға бағаланады.

Ал бағасы 600 мың еуро деп көрсетілген футболшылар қатарында Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада мен Сергей Малый («Ордабасы») бар.