Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Марио Загалло 92 жасында қаза тапты.
Төрт дүркін әлем чемпионы болған жалғыз футболшы дүниеден озды
8,848
оқылды

Ол  әлемдегі төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз футболшы және бапкер,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Kazinform-ның жазуынша, Марио Загалло 1931 жылы дүниеге келген.

Футболшы мансабында 1948-1965 жылдарда Бразилияның клубтарында ойнады.

1966 жылдан бастап Бразилия клубтарының, Кувейт, Сауд Арабиясы, БАӘ құрамаларының тізгінін ұстады.

Өз елінің ұлттық құрамасы сапында 1958, 1962 жылдарда әлем чемпионы атанды.

Ал 1970, 1994 жылдарда бапкерлік қызметте алтын медаль алды.

«Марио Загалло футбол әлемінде өз өрнегін қалдырды. Ойыншы ретінде жанкүйерлердің жылы ықыласына ие болса, бапкерлік қызметінде жемісті еңбек етті»,  деп жазылған Бразилия футбол конфедерациясы таратқан хабарламада.