Ауа райы күрт құбылды.
«ҚазАвтоЖол»: екі облыста жол жабылды
987
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, бүгін сағат 19:00-ден бастап Ақмола және Қарағанды облыстарында метеорологиялық жағдай нашарлады. Қалың қар жауып, жел соғуы мүмкін. Мұндай ауа райының қолайсыздығы 8 қаңтар күнгі сағат 16.00-ге дейін сақталады деген болжам бар. 

Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана-Щучинск және Астана-Теміртау бағыттарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін хабарлаймыз.

Ауа райы туралы ақпаратқа назар аударып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. 

Сондай-ақ, 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейтінін есіңізге саламыз. Бұл нөмір арқылы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал жөніндегі ақпарат алуға болады. 

Айта кетейік, автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмысы қарқынды жүргізіліп, қар тазалайтын техника тәулік бойы жұмыс істейді.