Оқиға 7 қаңтар күні Казталов ауданы аумағында болған.
БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды
828
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, төртеуі жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 қаңтар күні Казталов ауданы аумағында болған.

«Сағат шамамен 16.30-да Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы жолында «ВАЗ-2110» автокөлігінің жүргізушісі жүк көлігін басып озамын деп, қарсы бетке шығып кеткен. Сөйтіп «Шевроле Лачети» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмды. Түрлі жарақат алған төрт адам Казталов аудандық ауруханасына жеткізілді. Аталмыш дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.