Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.
82,1 миллиард теңге қайда жұмсалды?
1,762
оқылды

Жоғары аудиторлық палата 2023 жылы жүргізілген тексеру қорытындылары туралы хабарлады.

Аудит барысында 82,1 миллиард теңгеге қаржы бұзушылығы анықталды. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палата Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында мәлімдеді.

"Сондай-ақ мемлекеттің 250,2 миллиард теңге қаржысы мен активтерін тиімсіз жұмсау, 202,3 миллиард теңгені тиімсіз жоспарлау, рәсімдік сипатта 3036 бұзушылық анықталды", – делінген жауапта.

2023 жылға жүргізілген аудиттер қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарына 23 материал жолданды. Құзіретті органдар 39 жеке және заңды тұлғаны 10,1 миллион теңгеге әкімшілік жаупкершілікке тартты. 119 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.