«Қазгидромет» мамандары 9 қаңтардағы ауа райы туралы болжам жариялады.
Ертең бірнеше өңірде боран соғып, көктайғақ болады
3,363
оқылды

Ертең 9 облыста ауа райы құбылмалы болады. Аяз күшейіп, боран соғады. 

Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 20 м/с-ға жетеді.

Ұлытау, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қар жауып, жел екпіні күшейеді.

Павлодар, Түркістан, Қостанай облыстарында бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы мүмкін.