Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергені белгісіз.
Рахат Тұрлыхановтың ісі тағы да сотқа түсті
Фото: Gakku.kz
2,316
оқылды

Желіде танымал әнші Рахат Тұрлыхановтың адам ұрғаны туралы ақпарат тарады,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ақпарат Kozachkov offside Telegram арнасында пайда болды. 

"Рахаттың бұл жолы кімге қол көтергені белгісіз. Ал Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы 1-1-тармағында отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға жасалған әрекеттер үшін жаза қарастырылған. Әнші екінші әйеліне тағы да қол көтерген сияқты", делінген жазбада. 

Tengrinews.kz тілшісі Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сайтында ақпараттың рас-өтірігін тексерді. 3 қаңтарда Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс қарауға қабылданған.

"Судья Ержан Алдабек құрамындағы Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Рахат Тұрлыхановқа қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің материалдарын зерделеп, бұл істің сотқа ведомстволық бағынысты екенін, істі қарау Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының құзыретіне жататынын анықтады",  делінген құжат мәтінінде.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-бабы "Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер" негізделген. 

Сот сайтынан алынған құжат

Құжатқа сәйкес, тыңдау 3 қаңтарға жоспарланған. Редакция тілшісі сотқа бұл іс бойынша сауал жолдады. 

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. Былтыр қазанда Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.  

Рахат Тұрлыханов  танымал әнші. Оның "Әжеме", "Танцуй, как огонь", "Зимние ливни", "Азем" сияқты әндері бар.