Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігінің санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
"Кінәсін мойындады". Әнші Рахат Тұрлыхановтың қандай жазаға тартылғаны белгілі болды
2,068
оқылды

Әнші Рахат Тұрлыхановқа қандай жазаға тартылғаны белгілі болды. Бұған дейін Алматының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әртіске қатысты іс қаралғаны хабарланған болатын, – деп хабарлайды Aiqyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Ұрып-соғу фактісі бойынша Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы  1-1-бөлігі). Сот өткен жылдың желтоқсан айында Т. үйде жанжал шығарып, жұбайын ұрып-соққанын анықтады. Сотта Т. кінәсін мойындады, жасаған ісіне өкініп, іс бойынша іс жүргізуді тараптардың татуласуы үшін тоқтатуды сұрады. Жұбайы іс материалдарында айтылған фактілерді растап, Т.-мен татуласқанын айтты", – делінген сот хабарламасында.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы  1-1-бөлігінің санкциясы ескерту түріндегі әкімшілік жазаны немесе 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

"Сот қаулысымен Т.ӘҚБтК-нің 73-2-бабы  1-1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және әкімшілік ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды", – деп атап өтті сот өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты іс сотта қаралып жатқаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, Рахат Тұрлыханов –  депутат Дәулет Тұрлыхановтың немере інісі. Былтыр қазанда Рахат Тұрлыханов әйелін ұрып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.  

Рахат Тұрлыханов – танымал әнші. Оның "Әжеме", "Танцуй, как огонь", "Зимние ливни", "Азем" сияқты әндері бар.