Абай облысында көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен ер адам жол апатына ұшырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтарда республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 659-шақырымында болған.
«Көлік тізгіндеп келе жатып ұйықтап кеткен Lada Granta көлігінің жүргізушісі жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан кейін жеңіл көлік жыраға құлаған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ақпаратта.
30 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.