Астанада қалың қар мен боран әуе тасымалына да кері әсерін тигізді.
Астана әуежайында 12 рейс кешікті
681
оқылды

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, бүгін сағат 14.00-20.00 аралығында желдің жылдамдығы 22 м/с-дан 27 м/с дейін жеткен. Мұндай ауа райында қауіпсіздік мақсатында әуекомпанияларының шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін. 

Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында боран соғып тұр. Желдің жылдамдығы – 11 м/с, екпіні 16 м/с дейін жетеді. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі (4 ұшатын, 8 ұшып келетін)  ұшақтың кеш келуіне байланысты кешікті. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты IQ389 Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды. 

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. 10 арнайы техника жұмылдырылды. 

Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді 8 (7172)702-999.