Ал киноматографияда мемлекеттік қолдаумен 18 фильмнің өндірісі аяқталып, көрермен назарына ұсынылды. Бұл – былтырғы жылдағы жетістік. Сондай-ақ «Қазақстанның Халық жазушысы» құрметті атағы қайта беріліп, ел дамуына еңбегі сіңген қаламгерлер марапатталды. Мәдениет – идеологияның басты құралы. Сондықтан руханиятты дамытуды бірінші межеге қоюдан ұтылмаймыз дейді сала өкілдері.
Театрға баратын көрерменнің де қатары көбейіп келеді. Былтыр 2 миллионға жуық адам мәдениет ордасынан рухани азық алған. Отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылып, оқырманға жол тартты.
– Өткен жыл жалпы еліміз үшін экономикамыз, әлеумет және мәдениет үшін де жақсы жыл болды ғой деп ойлаймын. Өйткені мәдениетке байланысты көптеген игі шаралар жүзеге асырылды. Руханият мешел болса, ол қоғам жақсылыққа бармайтынын өзіміз көрдік. Сондықтан қазіргі мемлекеттік саясатта руханият, мәдениет халықтың тарихы жалпы рухани саланың алғашқы кезекке шығуы өте өзінің жақсы нәтижелерін беріп жатыр, – дейді сыншы, мәдени сарапшы Әлия Бөпежанова.
фото: tv24kz