Хабарламаны алушы «Шектеу туралы толығырақ» батырмасын басса, ақшасы алынады екен. Kaspi.kz баспасөз қызметінің хабарлауынша, алаяқтықтың жаңа түрі туралы ақпарат – фейк. Бұл туралы stopfake.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Бұл өтірік. «Шектеу туралы толығырақ» батырмасын басқаннан кейін ақша алынбайды. Шотқа қойылған шектеулер туралы толық ақпарат көрсетіледі. Бұл (таралған скринде – ред.) – сот орындаушысынан келген ақпарат. Клиенттерімізден ақпарат алған кезде мұқият болуын және мессенджерлердегі фейк ақпараттарға сенбеуін сұраймыз», – делінген Kaspi.kz баспасөз қызметінің хабарламасында.