2011 жылы туған жасөспірімнің үстінде қою жасыл түсті күрте, қара шалбар, ақ түсті жейде мен қара аяқкиімі болған.
Ақтөбеде жоғалып кеткен 13 жастағы оқушы іздестіріліп жатыр
561
оқылды

Ақтөбеде 9 қаңтар күні үйінен шығып, қайта оралмаған жасөспірім іздестіріліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті 9 қаңтар күні сағат 23:00-де үйінен шығып, бүгінге дейін оралмаған Әділ Назеновке іздеу жариялады. 2011 жылы туған жасөспірімнің үстінде қою жасыл түсті күрте, қара шалбар, ақ түсті жейде мен қара аяқкиімі болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қандай да бір ақпарат білген адамдарға 102 немесе 8771 785 10 58 телефондарына қоңырау шалуын сұрайды.