Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған.
Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" аумағында қытайлық көліктердің қаптауына қатысты сұраққа жауап берді
Фото: egemen.kz
10,262
оқылды

Актер Қуандық Дүйсенбаев желіде Шәкен Айманов атындағы киностудияның аумағында соңғы күндері қытайлық көліктер қаптағанын айтып, наразылық білдірген болатын. "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды бұл жағдайға пікір білдірді, – деп хабарлайды КТК арнасы.

"Ер жігіт ер жігітті даттамайды, күндемейді. Мен Азамат Сатыбалдының артына түсіп алған азамат емеспін. Өзім осы киностудияда 12 жылдай қызмет етемін. Қазіргі киностудияның жағдайы мүшкіл болып тұр. Оған тікелей басшы кінәлі болады. Павильонның бағасын 250 пайызға көтеріп жіберді. 200 мың теңге болатын, қазір 750 мың теңге болды. Ал жалға алуда шаршы метрін 100 пайызға көтерді.

Білдей басшы. Мысалы, кезіндегі басшыларды алып көрсек, үлкен басшы автокөлік жарнамалап жүргенін елестете алмаймын. Одан да, киностудия штаттағы азаматтардың 20-30 пайызын ақысыз демалысқа жіберді. Себебі, ақша жоқ дейді. Себеп неде? Киноға қатысы жоқ, өндірісте жұмыс істемеген азаматтарды өзінің командасына алып келді. Қазір вице-президент Назым Есенбековна деген кісі отыр. Кинода бір минут та жұмыс істемеген. Бұл кісінің саясаты, жалпы өсірмеу ғой деймін, киностудияны өшіру", – деді актер Қуандық Дүйсенбаев.

Ал "Қазақфильм" басшысы Азамат Сатыбалды бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда "ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі" деп әңгімені қысқа қайырған. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.

"Қазақфильмнің" президенті ретінде менің басты міндетім – 178 адамның айлығын тауып беру. Жалға берем бе, өзімді сатам ба, жоқ әлде басқа да жұмыс істеймін бе, жалпы менің міндетім. Сондықтан мен осындай жұмыстар арқылы 178 адамның айлығын тауып беруім керек. Бұл – кәдімгі таксопарк. Бұл жерде ешқандай көлік сатылмайды. Бұл – автосалон емес", – деп жауап берді "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды.

Еске сала кетейік, Азамат Сатыбалды 2023 жылдың шілдесінде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды.