Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кезекті марафонын бастады.
Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар сабаққа қоспағанын айтып ашуланды
Фото: әлеуметтік желіден
7,174
оқылды

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кезекті марафонын бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  el.kz-ке сілтеме жасап.

"Өзгеремін деп ниеттенген қаншама адам... Сол кісілердің үміттерін ақтасам екен деп Алладан дұға сұраймын... Тағы бір сабақ бітті... Көңіл күйлеріңіз қалай?", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

«Ғажайып 2024» марафонына бүгінде 9 мыңға жуық адам тіркеліп үлгерген. Сабақтың құны – 7 мың теңгені құрайды.

"Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі", – деп жазған Айнұр Тұрсынбаева.

Алайда, сабақтың ақшасын төлеп, қосыла алмай жатқан қыз-келіншектердің қарасы қалың. 

«Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады», – деп жазып жатыр желі қолданушылары.