Қайғылы оқиға 10 қаңтар күні болған.
Атырауда 60 жастағы ер адам 9-қабаттан секіріп көз жұмды
Фото: mk.ru
1,019
оқылды

Атырау қаласында шетел азаматы тұрғын үйдің 9-қабатынан секіріп кеткен. Оның неліктен мұндай әрекетке барғаны әзірге белгісіз, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше, 10 қаңтар күні болған.

«Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кешкі сағат 19:26 шамасында ер адамның 9-қабаттан секіріп кеткені туралы хабар түсті. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Оқиға орнына жеткен қалалық полиция басқармасының қызметкерлері суицид жасаған Өзбекстан Республикасының азаматы екенін анықтады. Марқұм 1964 жылы туған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір дерекке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркелді. Осыған байланысты тиісті іс құжаттары жинақталып жатыр.

Полиция қызметкерлері де шетелдік азаматтың жоғары қабатынан секіруіне не себеп болғанын нақтылаған жоқ.