65 бригада тұрғындарға жарық беру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Павлодар облысында 117 ауыл жарықсыз қалды
667
оқылды

Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 117 ауыл жарықсыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қаңтарға қараған түні өңірдегі 117 ауылда электр қуаты өшкен.

– Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 101 ауылға (8 543 абонент) жарық берілді. 16 ауылда (930 абонент) электр энергиясын беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған хабарламада.

Облыста 65 бригада тұрғындарға жарықты уақытында беру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Қазір Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс және Аққулы, Ақсу аудандарындағы кейбір ауылдар жарықсыз отыр.