Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жасады.
Шымкентте жер сілкінісі сезілді
Фото: Orda.kz
12,665
оқылды

Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Шәріп Асқар айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Halyq Uni порталына сілтеме жасап. 

– 2024 жылы 11 қаңтарда сағат 15:20 шамасында Шымкент қаласы бойынша жерасты дүмпуі тіркелді. Оның эпицентрі – Алматы қаласының оңтүстік-батысында орналасқан 856 шақырым жердегі Ауғанстан территориясы, – деді Шәріп Асқар.

Шымкент қаласының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға шақырды.

Мамандар жер сілкінген уақытта төмендегідей қарапайым 10 қағиданы есте сақтауға кеңес береді:

  • Тыныштық сақтаңыз, үрейге бой алдырмаңыз;
  • Жер сілкінісі кезінде лифтіні және баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиһаз, терезе және люстрадан ары тұрыңыз;
  • Жасырынатын жер тауып, басыңызды қолыңызбен жабыңыз.
  • Жер сілкінісі тоқтағанда ғимараттан шығуға тырысыңыз.
  • Алайда жер қайта сілкінуі мүмкін екенін естен шығармаңыз.
  • Үйіңізден шығар алдында газды, суды және электр қуатын өшіріңіз.
  • Тек ең қажет заттарды алыңыз.
  • Ғимарат, ағаш және электр желілерінен аулақ жүріңіз.
  • Қарттарға, балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіңіз.