Бұған дейін ол Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.
Асқар Мусинов Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының бас директоры болып сайланды
1,554
оқылды

2023 жылғы 3 қазанда Дохада өткен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) 6-шы Бас Ассамблеясы шешімімен – қазақ дипломаты Асқар Мусинов 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап АҚИҰ Бас директоры лауазымына сайланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

А. Мусинов – Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерді атқарған. Мысырдағы, Сауд Арабиясындағы, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі және Оңтүстік Африкадағы ҚР Елшісі лауазымында болды.

Сонымен қатар, ол ҚР СІМ-де министрдің орынбасары және жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.

АҚИҰ Бас директор болып тағайындалғанға дейін, 2018 – 2023 жылдар аралығында Ислам ынтымақтастығы ұйымында Бас хатшының ғылым және техника жөніндегі орынбасары болды.