Қаңтар айының басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 1000-нан астам азамат әкімшілік жауапқа тартылды.
Теміржолды кесіп өткен 2 адам қаза тапты
Фото: Көліктегі полиция департаментінен алынды
1,142
оқылды

Биыл 8-12 қаңтар аралығында Көліктегі полиция департаменті «Көліктегі қауіпсіздік» іс-шарасын өткізуде. Бұл туралы Aikyn.kz Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Акцияның мақсаты – көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Қаңтар айының бірінші онкүндігінде 4 адам пойыз астына түскен. Оның ішіндегі 2 жайтта адам өлімі болды. Теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 1024 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.

Мәселен, 9 қаңтарда Ақмола облысының «Қара Адыр» станциясында жүк пойызының машинисі теміржолда адамды қағып кетпеу үшін шұғыл тежегішті басты. 

Тексеру барысында көлік полицейлері белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткен Ақмола облысының 69 жастағы тұрғынын анықтады.

ҚР ӘҚБтК 559-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты.