Елімізде жабылған тасжолдармен жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
Елімізде жабылған  тасжолдармен жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін
© tengrinews.kz
394
оқылды
ҚР Ішкі істер министрлігі шектеу қойылған тасжолдармен жүрген көлік жүргізушілеріне айыппұл салу мәселесін қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Осындай мәселе бізде талқыланып жатыр. Естеріңізде ме, Владимир Божко ТЖ министрі (қазір Мәжілістің вице-спикері) болған уақытта ол жүргізушілерді жауапкершілікке тартуды ұсынған (ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдың жабылуына қарамастан шектеу қойылған жолдармен жүргені үшін) болатын. Қазір осы мәселе қайтадан көтеріліп жатыр", - деді ІІМ ТЖ Комитетінің басшысы Владимир Беккер Үкімет кулуарында. Оның айтуынша, осындай ережені Әкімшілік жауапкершілік кодексіне енгізу ұсынылған.