Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астана қаласында өтті.
Төтенше жағдайлар министрлігінде ақпараттық-насихаттау тобы құрылды
648
оқылды

Ақпараттық-насихаттау тобы министрліктің жеке құрамы арасында идеологиялық, азаматтық-патриоттық, яғни, қазақстандық патриотизм мен конституциялық борышқа адалдық рухында, идеялық-адамгершілік тәрбиені насихаттау, еліміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпараттандыру және ТЖМ имиджін одан әрі арттыру мақсатында құрылды. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Топ құрамына ТЖ вице-министр генерал-майор Бауыржан Сыздықов, Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов, сондай-ақ ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары кіреді.

Ақпараттық-насихаттау тобының жеке құраммен алғашқы кездесуі Астана қаласында өтті. Ақпараттық-насихаттық топ елордалық гарнизонның жеке құрамымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осы кездесу аясында өрт сөндіру және ТЖ-ның салдарын жою кезінде ерекше көзге түскен 5 қызметкер марапатталды. Кездесу барысында азаматтық қорғау органдарында қызмет туралы бейнеролик көрсетіліп, Астана қаласы ТЖД жеке құрамының күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Сонымен қатар ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері «Астана қаласы мектептерінің ТЖ министрлерімен» кездесті. Басқосуға елорданың мектептерінен 400-ден астам бала қатысты.

Осындай кездесулер ТЖМ-нің басқа аумақтық бөлімшелерінде де жоспарланған және жыл бойы жүзеге асырылады.