Сот 121 шетел азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.
Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер жауапқа тартылды
561
оқылды

Бүгінде облыс аумағында 8 654 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Былтыр 8,5 мыңнан астам азамат полиция органдарына тіркелген, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Шет елден келіп, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 490 азамат және шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 137 жұмыс беруші жауапқа тартылған.

«Ал, жалпы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін өткен жылы 2015 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот өзге елдің 121 азаматын ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдады», - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Былтыр Павлодар облысында тұрып жатқан 853 шетелдік ҚР азаматтығын алған.