Еліміздің 4 облысына республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтөбе облысында – 1 учаске:
- «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-330 км, Қандыағаш қ.- Атырау обл. шек. – 233 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Жамбыл облысында – 1 учаске:
- «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а.– 79 км.
Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Батыс Қазақстан облысында – 1 учаске:
- «Орал-Тасқала- РФ шек.» 4-104 км, уч. Орал қ. – РФ. шек. – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қостанай облысында – 1 учаске:
- «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 386-503 км, Денисовка а. – Рудный қ. – 117 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 454 бірлік техника және 586 жұмысшы жұмылдырылды.